Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 14.08.2026 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 300-VIII Конституциялық заңының 18-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімі жанындағы ономастика комиссиясының 2026 жылғы 27 шілдедегі қорытындысы негізінде және Ақшұқыр ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Ақшұқыр ауылының әкімі, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы Ақжол көшесіне Мейіржан Төребай есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл әкімі | А. Шайхиев |