Шешімге өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 181 шешімі

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 35-бабына және 37-бабының 3-тармағына сәйкес, Ақшұқыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы Ақжол көшесіне Мейіржан Төребай есімін беру туралы" Ақшұқыр ауылы әкімінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 175 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      -көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 300-VIII Конституциялық заңының 18-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі А. Шайхиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады