Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 227 қаулысына келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34-4, 52-1, 71-2-жолдармен толықтырылсын:
"
34-4 | "Глебов" су құбыры |
";
"
52-1 | "Бестөбе-Адаев" су құбыры |
";
"
71-2 | "Еңбек" су құбыры |
";
реттік нөмірі 81-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
81 | "Пешков-Кравцов" су құбыры |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |