"Қостанай облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 251 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 5 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 129-1, 129-2-жолдарымен толықтырылсын:

      "

129-1

Әйет өзені: № 1 өндірістік алаңы

60–309

35

129-2

Әйет өзені: № 2 өндірістік алаңы

320–500

100

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Су

      ресурстары және ирригация

      министрлігі Су ресурстарын реттеу,

      қорғау және пайдалану комитетінің Су

      ресурстарын қорғау және пайдалануды

      реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік су инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады