"Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 289 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақтың 28) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "28) облыстық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет орғандарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады