"Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 105 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, 2026 жылғы 12 мамырдағы № 4386-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданының босалқы жерлерінде орналасқан алаңы 4,4197 гектар жер учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 12 мамырға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.

      3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Р. Катпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады