Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Жітіқара желілік-техникалық цехы - "Қондыбай" кеден бекеті" талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан алаңы 1,3 гектар жер учаскелеріне 2029 жылғы 11 маусымға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің міндетін атқарушы | А. Алимбаева |