Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Атыгай Голд Майнинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне электр беру желісін төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,9086 гектар жер учаскелеріне 2048 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | К. Жиналинов |