Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Садчиков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Садчиков ауылдық округі, М6 Муфта-Константиновка ауылы аумақта орналасқан ауданы 0,8 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне 10 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2. "Қостанай ауданының Садчиков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Н. Айтмагамбетов |