"Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 84 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы, 4-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2032 жылғы 12 мамырға дейін Қостанай облысы Науырзым ауданының аумағында орналасқан "Северо-Уркаческое" кен орны шегіндегі жер учаскесіне 2026 жылғы 12 мамырдағы № 4377-EL лицензиясы негізінде, (блок M-41-19-(10g-5g-4), M-41-19-(10g-5g-7), M-41-19-(10g-5g-8), M-41-19-(10g-5g-9), M-41-19-(10g-5g-11), M-41-19-(10g-5g-12), M-41-19-(10g-5g-13), M-41-19-(10g-5g-15), M-41-19-(10g-5g-20) жоғарыда аталған блок шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық барлау жұмыстарын дұрыс жоспарлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Науырзым ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің орынбасары М.С. Мырзабековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Науырзым ауданының әкімі М. Ихтиляпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады