Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 167 "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 266 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік орган туралы үлгі ережесіне сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 167 "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов

  Мәслихаттың
  2026 жылғы "22" қыркүйектегі
  № 266 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2023 жылғы "16" қаңтардағы
  № 167 шешімімен
  бекітілген

"Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихатының аппараты) ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырушы, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихатының аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихатының аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихатының аппараты құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60.

      10. Осы Ереже мәслихатының аппараты құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихатының аппараты қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихатының аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері: аудан мәслихаты мен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.

      14. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасауға;

      мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;

      мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;

      өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялар:

      мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

      мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;

      мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

      17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары болмайды.

      19. Мәслихат аппаратының басшысы:

      Мәслихат аппаратының басшысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменения в решение маслихата от 16 января 2023 года № 167 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата района Беимбета Майлина""

Решение маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 22 сентября 2026 года № 266

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Типовым положением о государственном органе, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590, маслихат района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Беимбета Майлина от 16 января 2023 года № 167 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата района Беимбета Майлина" следующее изменение:

      Положение о государственном учреждении "Аппарат маслихата района Беимбета Майлина", утвержденнео указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложениюк настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Б. Ахметов

  Приложение
  к решению маслихата района
  от "22" сентября 2026 года
  № 266
  Утверждено
  решением маслихата района
  от "16" января 2023 года
  № 167

Положение о государственном учреждении "Аппарат маслихата района Беимбета Майлина"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат маслихата района Беимбета Майлина" (далее - Аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение маслихата района Беимбета Майлина, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Аппарат маслихата района Беимбета Майлина не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Аппарата маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 111700, Республика Казахстан, Костанайская область, район Беимбета Майлина, село Әйет, улица Тәуелсіздік, 60.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Аппарата маслихата.

      11. Финансирование деятельности Аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата.

2. Задачи, функции и полномочия государственного органа

      13. Задачи: информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности маслихата района и его органов, оказание помощи депутатам маслихата в осуществлении их полномочий.

      14. Полномочия:

      1) права:

      вступать в гражданско-правовые отношения с физическими и юридическими лицами, заключать договоры и совершать иные сделки в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      участвовать в заседаниях маслихата и его органов, а также иных мероприятиях, проводимых маслихатом;

      запрашивать и получать от государственных органов, организаций, должностных лиц необходимые документы, сведения и иные материалы по вопросам относящимся к компетенции маслихата;

      привлекать государственные органы, организации, специалистов и экспертов к подготовке материалов и документов, выносимых на рассмотрение маслихата, в порядке, установленном законодательством;

      осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      обеспечивать организационное, правовое, информационно-аналитическое, документационное и материально-техническое обеспечение деятельности маслихата, его органов и депутатов, включая подготовку материалов к заседаниям маслихата и его органов, а также иным мероприятиям, проводимым в рамках деятельности маслихата;

      обеспечивать соблюдение требований законодательства Республики Казахстан при осуществлении своей деятельности;

      осуществлять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      организационное обеспечение деятельности маслихата, его председателя, постоянных и временных комиссий, иных органов маслихата и депутатов;

      правовое обеспечение деятельности маслихата, его председателя, органов и депутатов;

      организация подготовки, оформления и сопровождения проектов решений маслихата, иных документов и материалов, выносимых на рассмотрение маслихата и его органов;

      организационно-методическое обеспечение деятельности депутатов при осуществлении ими своих полномочий;

      информационно-аналитическое обеспечение деятельности маслихата, его председателя, органов и депутатов;

      организационное обеспечение взаимодействия маслихата, его председателя, органов и депутатов с государственными органами, органами местного самоуправления, организациями, институтами гражданского общества и населением;

      информационное сопровождение деятельности маслихата, его председателя, органов и депутатов, обеспечение взаимодействия со средствами массовой информации и информирования населения о деятельности маслихата;

      документационное обеспечение деятельности маслихата, его председателя, органов и депутатов, ведение делопроизводства и архивного хранения документов;

      организационное обеспечение рассмотрения обращений физических и юридических лиц, а также петиций, поступающих в маслихат, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      организация кадровой работы в Аппарате маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной службе и трудовым законодательством;

      организация работы по вопросам соблюдения законодательства о государственной службе и противодействия коррупции;

      финансовое, материально-техническое и хозяйственное обеспечение деятельности аппарата маслихата и деятельности маслихата в пределах компетенции аппарата;

      осуществление иных функций в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      16. Руководство деятельностью Аппарата маслихата осуществляется руководителем Аппарата маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат маслихата задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель Аппарата маслихата назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Руководитель Аппарата маслихата не имеет заместителя.

      19. Руководитель Аппарата маслихата:

      Руководитель Аппарата маслихата осуществляет полномочия в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      20. Исполнение полномочий руководителя Аппарата маслихата в период его отсутствия осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      21. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности.

      23. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.