Аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 197 "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) сәйкес әзірленді және және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілер) қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан мәслихатының төрағасы | Б. Ахметов |