Мәслихаттың 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 179 ""Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 269 шешімі

      Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Федоров аудандық мәслихатының ""Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 179 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

  Мәслихаттың
  2026 жылғы 18 қыркүйектегі
  № 269 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2023 жылғы 9 қаңтардағы
  № 179 шешімімен
  бекітілген

"Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Федоров аудандық мәслихатын (бұдан әрі – мәслихат) және оның органдарын ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53.

      10. Осы ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2. Мәслихат аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары: мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету негізгі мақсаты болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасау, шарттар жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелерді жасау;

      мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;

      мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдарды дайындауды қоса алғанда, мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтылуын қамтамасыз ету;

      өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссияларының, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың және оның органдарының қарауына шығарылатын мәслихаттың шешімдер жобаларының, өзге де құжаттар мен материалдардың дайындалуын, ресімделуін және сүйемелденуін ұйымдастыру;

      депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысындағы қызметін ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықпен өзара іс-қимылын ұйымдық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылын және халықтың мәслихат қызметі туралы ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс жүргізу және құжаттарды архивте сақтау;

      мәслихатқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, сондай-ақ петициялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуын ұйымдық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес Мәслихат аппаратында кадрлық жұмысты ұйымдастыру;

      мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселесі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      Мәслихат аппаратының қызметін және Аппарат құзыреті шегінде мәслихаттың қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратын басқаруды Мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары жоқ.

      19. Мәслихат аппаратының басшысы өкілеттіктерін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.

      20. Мәслихат аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мәслихат аппаратының мүлкі

      21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады