БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
16-тармақтың 14)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетеді, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды, қалпына келтіруді және оңалтуды қамтамасыз етеді;".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медициналық орталығы (Астана қаласы)" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгеріс туралы хабарламаны аумақтық әділет органына жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр генерал-лейтенант | Ш. Әрінов |