Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның 2026 жылғы 17 маусымдағы № 4 жоспардан тыс отырысының хаттамасы негізінде Тереңкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тереңкөл ауданының аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Тереңкөл ауданы әкімінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Маңғұтов |