Аққулы ауданында құқық бұзышулықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 1-01/112 қаулысы. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 1-01/136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 09.07.2026 № 1-01/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құқық бұзушылықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындау.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының полиция департаменті полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету.

      3. "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз ету тапсырылады:

      осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыру;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Муканов

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "___" ___________
№ _____қаулысына
қосымша

Аққулы ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері көтермелеудің түрлері мен тәртібі

      1. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері :

      1) алғыс жариялау;

      2) мақтау қағазымен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы төлеу;

      4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

      5) ұйымда, кәсіпорында көтермелеу туралы ұсыныстарды жолдау;

      6) құқық бұзушылықтарды алдын алуға елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік марапттама және құрметті атақпен марапаттау туралы ұсынысты еңгізу

      7) көтермелеудің өзге де шаралары.

      2. Құқық бұзушылықты алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құратын комиссия қарайды.

      3. Комиссия қабылдаған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Ақшалай сыйақы мөлшерін комиссия белгілейді және айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.

      5. Ақшалай сыйақы төлеуді Полиция департаментінің бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      6. Көтермелеулерді төлеуге қаражат Павлодар облысы Полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделеді.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы

Постановление акимата района Аққулы Павлодарской области от 3 июня 2026 года № 1-01/112. Отменено постановлением акимата района Аққулы Павлодарской области от 9 июля 2026 года № 1-01/136

      Сноска. Отменено постановлением акимата района Аққулы Павлодарской области от 09.07.2026 № 1-01/136 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 13) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 30 декабря 2025 года "О профилактике правонарушений", акимат района Аққулы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел полиции района Аққулы Департамент полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (по согласованию) обеспечить проведение соответствующих мероприятий в целях реализации настоящего постановления.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима района Аққулы" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на Интернет-ресурсе акимата района Аққулы;

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района по вопросам социальной сферы и экономики.     

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Р. Муканов

  Приложение
к постановлению акимата
района Аққулы
от "___" _______2026 года
№ _____

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы

      1. Видами поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений являются:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выплата денежного вознаграждения;

      4) направление на обучение по образовательным и повышающим квалификацию программам;

      5) направление представлений о поощрении в организации, предприятия;

      6) внесение предложений о награждении государственной наградой и почетным званием для лиц, внесших значительный вклад в профилактику правонарушений

      7) иные меры поощрения.

      2. Вопросы поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений, по представлению государственных органов рассматриваются комиссией, создаваемой местным исполнительным органом района (города областного значения), акимом поселка, села, сельского округа.

      3. Основанием для поощрения является решение, принимаемое комиссией.

      4. Размер денежного вознаграждения устанавливается комиссией и не превышает 10-кратного месячного расчетного показателя.

      5. Выплата денежного вознаграждения производится за счет средств бюджета Департамента полиции Павлодарской области.

      6. Средства на выплату поощрений предусматриваются в составе расходов Департамента полиции Павлодарской области.