"Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 331 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген), Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 331 шешімімен бекітілген

"Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) және "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру тәртібін айқындайды.

      2. "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі – "Құрметті азамат" атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

      3. "Құрметті азамат" атағы Алматы қаласында кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:

      1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;

      2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;

      3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;

      4) Алматы қаласындағы спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;

      5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.

2-тарау. "Құрметті азамат" атағын беру тәртібі

      4. "Құрметті азамат" атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.

      "Құрметті азамат" атағын беру туралы қолдаухаттар Алматы қаласының әкімдігімен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.

      Награда қағазында "Құрметті азамат" атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.

      Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.

      "Құрметті азамат" атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.

      Алматы қаласының әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

      5. Награда қағазын Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия ресімдейді.

      6. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау Алматы қаласы әкімінің аппаратына жүктеледі.

      7. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен "Құрметті азамат" атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.

      "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.

      "Құрметті азамат" атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады.

      9. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      10. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

      11. "Құрметті азамат" атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарынның он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

      Алматы қаласының мерейтойлық күніне орай "Құрметті азамат" атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

      Алматы қаласы әкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына "Құрметті азамат" атағы берілуі мүмкін.

      12. "Құрметті азамат" атағын беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.

      13. "Құрметті азамат" атағы:

      1) "Құрметті азамат" атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.

3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі

      14. "Құрметті азамат" атағын беру туралы тиісті мәслихат шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде "Құрметті азамат" атағына медаль мен куәлік тапсырылады.

      "Құрметті азамат" атағына медаль мен куәлікті Алматы қаласының әкімі немесе Алматы қаласы мәслихатының төрағасы тапсырады.

      15. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында Алматы қаласы мәслихатының "Құрметті азамат" атағын беру туралы шешімі жария етіледі.

      "Құрметті азамат" атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.

      Егер "Құрметті азамат" атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.

      Қайтыс болғаннан кейін "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.

      Мұрагерлері болмаған жағдайда "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.

      16. "Құрметті азамат" атағына медаль осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.

      "Құрметті азамат" атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.

      "Құрметті азамат" атағына берілетін куәлікке Алматы қаласы мәслихатының төрағасы қол қояды.

      17. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      18. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда "Құрметті азамат" атағынан айыру Алматы қаласы мәслихатының шешімімен жүзеге асырылады.

      19. "Құрметті азамат" атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.

      1-қосымша

      "Алматы қаласының

      Құрметті азаматы" атағын

      беру қағидаларына

      НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________________________

      3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің

      нақты атауы дәл көрсетілуі керек) _______________________________________________________________

      4. Жынысы ___________________________________________________________________

      5. Туған жылы мен туған жері _____________________________________________________

      6. Білімі _____________________________________________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: __________________________________________________________

      9. Үйінің мекенжайы: __________________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі ________________________________________________________

      11. Саладағы жұмыс өтілі ______________________________________________________

      12. Тиісті қызмет саласындағы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер _____________________________________________________

      13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме: ______________________________________________________________________________

      Кандидатура ______________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы _________________________________________талқылау болған уақыт, хаттаманың №)_________________________________ талқыланып, ұсынылған. "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағына ұсынылады Ұйым басшысы ___________________________ __________________________ (ТАӘ) (ол болған жағдайда) ___________________________ ______________ (қолы)

      2-қосымша

      "Алматы қаласының

      Құрметті азаматы" атағын

      беру қағидаларына

      1. Медальдің эскизі мен сипаттамасы:

Медальдің аверсі

Медальдің реверсі

Медаль аверсінің ортасында өңірлік нышанның бейнесі.
Жоғары шеткі бөлігін бойлай
"АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" деген жазу жазылады

Реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.

      "Алматы қаласының Құрметті азаматы" медалі металл бұйымнан жасалған медальдан және оның бекіткішінен, сондай-ақ медальдің лентасынан тұрады.

      Медаль диаметрі 80 мм жеті ұшы бар жұлдыз түріндегі ақ түсті металдан (күміс СрМ 925) жасалған, оның үстіне бұрыштарында дөңгеленген сегізұшты фигуралы пішіндері бар диаметрі 71 мм сары түсті металдан (алтын жалатылған күміс СрМ 925) әзірленген жетіұшты қосалқы қаптама жапсырылған. Әрбір жетіұшты қаптамаға диаметрі 3,5 мм болатын 7 дана фианит бекітілген.

      Орталық бөлігінде қызыл, көк, ақ және көгілдір түсті эмальдан жасалған дөңгелек медальон орналасқан. Медальонның жиектеріне қазақтың ұлттық ою-өрнектері салынған. Медальонның ортасында алтынмен өрнектеліп орындалған Алматы қаласы елтаңбасының бейнесі орналасқан.

      Қызыл фонда шеңбер бойымен алтын түспен қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген және мемлекеттік тілде "АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" жазуы жазылған.

      Медаль көгілдір түсті лентаға алтын ою-өрнегі бар қапсырмамен (34 мм) бекітілген.

      2. "Алматы қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісінің нысаны

      "Алматы қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісі диаметрі 20 мм күмістен (СрМ 925) жасалған, алтын жалатылған ақ түсті жетіұшты жұлдыз түрінде орындалған. Оның үстінде бұрыштары дөңгеленген, жетіұшты жұлдыз пішінді, ақ эмальмен қапталған сары түсті металдан жасалған жапсырма орналасқан.

      Орталық бөлігінде қызыл эмальдан жасалған дөңгелек эмаль медальон орналастырылған. Медальонның жиектерінде қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Медальонның орта тұсында Алматы қаласының елтаңбасы ақпен өрнектеліп орналастырылған.

  3-қосымша

      "Алматы қаласының

      Құрметті азаматы" атағын

      беру қағидаларына

      Куәлік эскизі:

Куәліктің алғы сол жағы

Куәліктің алғы оң жағы

(Медальдің сурет)

Алматы қаласы № куәлік ТАӘ (ол болған жағдайда) Мәслихаттың шешімі жазылады Алматы қаласы мәслихаты төрағасының қолы мен мөрі

Куәліктің артқы сол жағы

Куәліктің артқы оң жағы


Алматы қаласының
өңірлік нышанының бейнесі


Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"

Решение маслихата города Алматы от 21 августа 2026 года № 331

      В соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)", утвержденными приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра культуры и информации Республики Казахстан от 9 июня 2026 года № 279-НҚ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 38935), маслихат города Алматы РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат Маслихата города Алматы" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Алматы после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Алматы М. Отыншиев

  Утверждены решением маслихата города Алматы от 21 августа 2026 года № 331

Правила присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)", утвержденными приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра культуры и информации Республики Казахстан от 9 июня 2026 года № 279-НҚ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 38935), и определяют порядок присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы".

      2. Присвоение звания "Почетный гражданин города Алматы" (далее – звание "Почетный гражданин") является признанием и поощрением со стороны общества многолетней плодотворной деятельности и инициативности граждан, внесших значительный трудовой вклад, а также направлено на повышение трудовой и общественной активности граждан.

      3. Звание "Почетный гражданин" присваивается гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам, трудившимся в городе Алматы не менее 10 лет, соответствующим одному из следующих требований:

      1) за мужество, проявленное при исполнении профессионального или гражданского долга, а также внесшим вклад в работу по укреплению законности и правопорядка;

      2) государственным, политическим и общественным деятелям, за эффективную деятельность в сфере местного государственного управления и самоуправления, а также за вклад в социально-экономическое развитие города Алматы;

      3) за достижения в общественной деятельности и за благотворительную деятельность;

      4) внесшим вклад в развитие сфер спорта и культуры, науки, образования, здравоохранения, строительства, предпринимательства, бизнеса и сельского хозяйства в городе Алматы;

      5) за выдающийся труд, внесенный в сохранение целостности независимого и суверенного Казахстана, укрепление межэтнических отношений и согласия, дружбы и сотрудничества.

Глава 2. Порядок присвоения звания "Почетный гражданин"

      4. На каждого представляемого к званию "Почетный гражданин" составляется наградной лист по форме согласно приложению 1 к Правилам.

      Ходатайства о присвоении звания "Почетный гражданин" вносятся акиматом города Алматы, творческими союзами и другими организациями в произвольной форме.

      В наградном листе излагаются данные, характеризующие личность представляемого к званию "Почетный гражданин", общий трудовой стаж работы в соответствующей сфере деятельности, сведения о трудовой, профессиональной или общественной деятельности лица, конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы.

      Наградной лист подписывается руководителем организации и заверяется печатями подписавших организаций.

      Представление на каждого представляемого к званию "Почетный гражданин" готовится отдельно.

      Поступившие менее чем за тридцать дней до заседания Комиссии по государственным наградам Республики Казахстан при акимате города Алматы (далее – Комиссия по государственным наградам) наградные документы к рассмотрению не принимаются.

      5. Наградной лист оформляется Комиссией по государственным наградам.

      6. Изготовление медалей и удостоверений к ним, а также их учет и хранение возлагаются на аппарат акима города Алматы.

      7. Ходатайства о присвоении звания "Почетный гражданин", поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры самостоятельно, не рассматриваются.

      Повторное представление лица, имеющего звание "Почетный гражданин города Алматы", не допускается.

      Посмертное присвоение звания "Почетный гражданин" может производиться за мужество, отвагу, героизм, проявленные при защите интересов страны и в случаях, связанных со спасением человеческих жизней.

      8. Ходатайство рассматривается Комиссией по государственным наградам.

      9. Решение Комиссии по государственным наградам принимается большинством голосов. В случае равенства голосов, голос председателя комиссии является решающим.

      10. Решение Комиссии по государственным наградам носит рекомендательный характер и оформляется протоколом, который подписывается всеми ее членами.

      11. Звание "Почетный гражданин" может присваиваться до десяти гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам каждые два года.

      По случаю юбилейной даты города Алматы присвоение звания "Почетный гражданин" дополнительно осуществляется каждые пять лет и может быть присвоено до пяти гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам.

      По предложению акима города Алматы звание "Почетный гражданин" может быть присвоено гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам, оказавшим помощь в ликвидации или предупреждении последствий опасного природного явления, катастрофы, стихийного бедствия или иной аварийной ситуации.

      12. Решение соответствующего маслихата о присвоении звания "Почетный гражданин" публикуется в местных масс-медиа.

      13. Звание "Почетный гражданин" не может быть присвоено:

      1) лицам, имеющим судимость, которая не погашена или не снята в установленном законом порядке на момент представления к званию "Почетный гражданин";

      2) лицам, признанным судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными.

Глава 3. Порядок вручения медали и удостоверения

      14. В срок не позднее двух месяцев со дня вступления в силу решения соответствующего маслихата о присвоении звания "Почетный гражданин" лицу, которому присвоено указанное звание, в торжественной обстановке вручаются медаль и удостоверение к званию "Почетный гражданин".

      Медаль и удостоверение к званию "Почетный гражданин" вручаются акимом города Алматы или председателем маслихата города Алматы.

      15. Перед вручением медали и удостоверения оглашается решение маслихата города Алматы о присвоении звания "Почетный гражданин".

      Медаль и удостоверение вручаются лично лицу, которому присвоено звание "Почетный гражданин".

      Если лицо, которому присвоено звание "Почетный гражданин", не может явиться на вручение в связи с состоянием здоровья, медаль и удостоверение могут быть вручены по месту его нахождения.

      Документы о присвоении звания "Почетный гражданин", а также медаль к нему, в случае посмертного присвоения вручаются членам семьи умершего.

      С согласия наследников умершего лица, оформленного с учетом требований гражданского законодательства Республики Казахстан, документы о присвоении звания "Почетный гражданин" и медаль к нему могут быть переданы на хранение музеям.

      При отсутствии наследников документы о присвоении звания "Почетный гражданин" и медаль к нему передаются на хранение музеям.

      16. Медаль к званию "Почетный гражданин" изготавливается по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Каждому лицу, которому присвоено звание "Почетный гражданин", одновременно с вручением медали выдается удостоверение к медали по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      Удостоверение к званию "Почетный гражданин" подписывается председателем маслихата города Алматы.

      17. Финансирование расходов на изготовление медалей и удостоверений к ним осуществляется за счет средств соответствующего местного бюджета.

Глава 4. Заключительные положения

      18. В случае вступления в законную силу обвинительного приговора суда, лишение почетного звания "Почетный гражданин" осуществляется по решению маслихата города Алматы.

      19. Лицо, лишенное звания "Почетный гражданин", не подлежит повторному выдвижению на присвоение данного звания.

  Приложение 1 к Правилам присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"

НАГРАДНОЙ ЛИСТ

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ________________________________________

      2. Индивидуальный идентификационный номер (ИИН) __________________________________

      3. Должность, место работы, службы (указать точное наименование подразделения предприятия, учреждения, организации) _____________________________________________________________

      4. Пол __________________________________________________________________

      5. Год и место рождения _____________________________________________________________

      6. Образование __________________________________________________________________

      7. Ученая степень, ученое звание _____________________________________________________

      8. Какими государственными наградами Республики Казахстан награжден(а) и дата награждения: __________________________________________________________________

      9. Домашний адрес: _________________________________________________________________

      10. Общий стаж работы ______________________________________________________________

      11. Стаж работы в отрасли ___________________________________________________________

      12. Стаж работы в соответствующей сфере деятельности, сведения о трудовой, профессиональной или общественной деятельности лица ______________________________________

      13. Характеристика с указанием конкретных особых заслуг награждаемого: __________________________________________________________________

      Кандидатура обсуждена и рекомендована __________________________(наименование предприятия, учреждения, организации, дата обсуждения, № протокола)

      Представляется к званию "Почетный гражданин города Алматы" Руководитель организации __________________________ ____________________ (Ф.И.О. при его наличии) (подпись)

  Приложение 2 к Правилам присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"

      1. Эскиз и описание медали:

Аверс - медали

Реверс - медали

На аверсе медали в центре изображение региональной символики.
По верхнему внешнему краю надпись "АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ"

На реверсе расположен порядковый номер медали.

      Медаль "Почетный гражданин города Алматы" представляет собой металлическое изделие, состоящее из медали и крепления к нему, а также ленты медали.

      Медаль выполнен из семиконечной звезды белого цвета (серебро СрМ 925) диаметром 80 мм на которой имеется семиконечная накладка из металла желтого цвета (серебро СрМ 925 с золочением) диаметром 71 мм с округлыми восьмиконечными фигурными формами на углах. На каждой семиконечной накладке закреплены фианиты в количестве 7 штук диаметром 3,5 мм.

      В центральной части расположен круглый медальон из эмали красного, синего, белого и голубого цветов. По краям медальона нарисован казахский национальный орнамент. Посередине медальона расположено изображение герба города Алматы, выполненное золотым тиснением.

      На красном фоне золотым цветом по кольцу изображены казахский национальный орнамент и надпись "АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" на государственном языке.

      Медаль прикреплена к ленте голубого цвета с золотым орнаментом (34 мм).

      2. Форма Нагрудного знака "Почетный гражданин города Алматы"

      Нагрудной знак "Почетный гражданин города Алматы" выполнен из семиконечной звезды белого цвета (серебро СрМ 925) диаметром 20 мм с золочением на которой имеется накладка из металла желтого цвета с белой эмалью с округлыми семиконечными формами на углах.

      В центральной части расположен круглый медальон, покрытый эмалью красного цвета. По краям медальона нарисован казахский национальный орнамент. Посередине медальона расположено изображение герба города Алматы, выполненное белым тиснением.

  Приложение 3 к Правилам присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"

Эскиз удостоверения:

Лицевая левая сторона удостоверения

Лицевая правая сторона удостоверения

(Фото медали)

город Алматы № удостоверение ФИО (при его наличии) Прописывается Решение Маслихата Подпись и печать председателя маслихата города Алматы

Оборотная левая сторона удостоверения

Оборотная правая сторона удостоверения


Изображение региональной символики города Алматы