"Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 8-3) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 және 75-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 6-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативі тіркелетін бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр жалпы алаң мөлшерінде бекітілсін.
Тұрғын үйдің меншік иесінің жұбайын (зайыбын), балаларын және олардың отбасы мүшелерін, жекжаттарын, жақын туыстарын, олардың жұбайлары мен балаларын, меншік иесінің немесе оның жұбайының (зайыбының) асырауындағы не қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) адамдарды, сондай-ақ қамқорлыққа алынған адаммен бірге тұратын қорғаншыларды (қамқоршыларды) тіркеу жағдайларын қоспағанда, Алматы қаласының аумағында белгіленген нормативтен тыс тіркеуге жол берілмейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |