Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LII сессиясының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 354 шешімі

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 354 шешіміне қосымша

Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері

      1. Коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) үшін төлемақы тарифі – 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай – АЕК).

      2. Коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда, тұрақтарда көлік құралдарын уақытша сақтау үшін төлемақы тарифі:

Көлік құралының санаты

Алғашқы тәулік*

Кейінгі тәуліктер*

L1, L3 (Екі дөңгелекті көлік құралдары)

1 АЕК

2 АЕК

L2, L4, L5, L6, L7 барлық түрлері (Үш дөңгелекті көлік құралдары, квадрацикл)

1,5 АЕК

3 АЕК

М 1 барлық түрлері (жеңіл автомобильдер)

2,5 АЕК

5 АЕК

N1 (Жүкті тасымалдауға арналған, техникалық рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тонна аспайтын көлік құралдары)

3,5 АЕК

7 АЕК

О1 (Техникалық рұқсат етілетін ең жоғары салмағы 0,75 тонна аспайтын тіркемелер)

2 АЕК

4 АЕК

О2 (Техникалық рұқсат етілетін ең жоғары салмағы 0,75 тонна астам, бірақ 3,5 тонна аспайтын тіркемелер)

3,5 АЕК

7 АЕК

3,5-12 тонны көлік құралдарының барлық түрлері

4 АЕК

8 АЕК

12 тонна асатын көлік құралдарының барлық түрлері

4 АЕК

8 АЕК

      * Тәуліктер деп осы қосымшада Жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жасалатын көлік құралын қабылдау-беру актісінде көрсетілген күннен және уақыттан бастап есептелетін қатарынан 24 сағат түсініледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады