Алматы қаласында жер салығының мөлшерлемесін арттыру және жерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарына бөлу схемасы туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 360 шешімі

      Ескерту. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласында жер салығының базалық мөлшерлемесін арттыру және жерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарына бөлу схемасы осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 360 шешіміне 1-қосымша

Жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері

№

Салық салынатын аймақ

Жоғарылату пайызы, %

Түзету коэффициенті

1.

I

50

1,5

2.

II

40

1,4

3.

III

30

1,3

4.

IV

20

1,2

5.

V

10

1,1

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады