ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 06-01/05 "Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1602 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес №378, №387 және №537 сайлау учаскелерінің орталықтары өзгертілсін.
2. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Оразалин |
"КЕЛІСІЛДІ" Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы А. Қалықова
| 2026 жылғы 16 маусымдағы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің шешіміне қосымша | |
| 2019 жылғы 24 желтоқсандығы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің шешіміне №1 қосымша |
№ 378 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8Г/5, "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғимараты.
№ 387 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6, "Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 537 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6, "Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.