БҰЙЫРАМЫН:
1."Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24253 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларда:
реттік нөмірі 389-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
389 | V08AB02 | Йогексол | инъекцияға арналған ерітінді 300 мг/мл 50 мл | құты | 3956,49 |
";
реттік нөмірі 392-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
392 | V08AB02 | Йогексол | инъекцияға арналған ерітінді 350 мг/мл 50 мл | құты | 4348,76 |
";
реттік нөмірі 397-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
397 | V08AB05 | Йопромид |
тамырішіне енгізуге арналған 300 мг/мл | құты | 6712,37 |
";
реттік нөмірі 550-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
550 | M01AC05 |
Лорнок | таблетка 4 мг | таблетка | 78,72 |
";
реттік нөмірі 644-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
644 | V03AF10 |
Левофоли | вена ішіне енгізуге арналған ерітінді 50 мг/мл, 4 мл (көлемі кемінде 100 мл, ағын жылдамдығы 4.2 мл/ сағ, инфузия уақыты 24 сағат, сүзгісі 0.2 мкм аспайтын инфузиялық амбулаториялық баллон жүйесімен жиынтықта) | құты | 31188,41 |
";
реттік нөмірі 770-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
770 | N01BA02 | Прокаин | инъекцияға арналған ерітінді 0,5% 5 мл | ампула | 46,7 |
";
реттік нөмірі 780-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
780 | L01XX24 |
Пэгас | бұлшықет ішіне енгізу және инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 750 ХБ / мл, 5 мл | құты | 839123,99 |
";
реттік нөмірі 872-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
872 | A07CA | Сусыз глюкоза, натрий хлориді, калий хлориді, натрий цитраты | ішке қабылдауға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 18,9 г | пакет | 185,95 |
".
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1197 және 1198-жолдармен толықтырылсын:
"
1197 | J07AL02 | Пневмококктық тазартылған полисахаридті конъюгирленген антиген |
полисахаридті конъюгирленген белсенділігі жойылған 20 валентті адсорбцияланған пневмококк вакцинасы, бұлшықет ішіне енгізуге арналған cуспензия, | шприц/ доза | 30869,97 |
1198 | L01FX14 | Полатузумаб ведотин |
инфузия үшін ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 140 мг (препараттың әрбір 5 бірлігіне қосымша препараттың | құты | 4400166,39 |
".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
