Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 8-21-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 8-48-2 шешімі

      Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 8-21-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 20 қарашадағы № 8-21-2 Айыртау аудандық мәслихаты шешіміне 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г. Әбілқайырова

  Айыртау аудандық мәслихатының
  2026 жылғы "14" шілдедегі № 8-48-2
  шешіміне 6-қосымша
  Айыртау аудандық мәслихатының
  2024 жылғы "20" қарашадағы № 8-21-2
  шешіміне қосымша

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің С (әкімшілік персонал), D (Қосалқы персонал) және жұмысшылар (біліктілік разряды) блоктарына жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар

№ р/р

Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)

Лауазымдық жалақыға үстемеақы

1.

Жүргізуші

100%

2.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

50%

3.

Кадрлар жөніндегі инспектор

50%

4.

Заңгер

50%

5.

Күзетші

50%

6.

Тазалықшы

50%

7.

Аула тазалаушы

50%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады