Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, магистральдық жылумен жабдықтау тарату желілерін салу үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 2,2460 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге көпшілік сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Новоишим ауылдық округінің әкімі | А. Букпин |