"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Есіл ауданының аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері айқындалсын.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4438 болып тіркелген);
"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 76 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелген);
"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 болып тіркелген).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі | М. Мұхамедияров |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарды көтермелеу қағидалары
Осы Тәртіп құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарды көтермелеу рәсімін айқындайды.
1. Құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарды көтермелеу мәселелері Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) қаралады.
2. Құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есіл ауданы полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – СҚО ПД Есіл ауданы ПБ) енгізіледі.
3. Көтермелеу үшін негіз Комиссия қабылдайтын шешім болып табылады.
4. Көтермелеу түрі, оның ішінде ақшалай сыйақының мөлшері, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып Комиссиямен белгіленеді.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты сатып алу үшін Комиссия шешімі негізінде Есіл ауданы полиция бөлімі тиісті материалдарды Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіне жолдайды. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты сатып алу Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
6. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты сатып алу СҚО ПД Есіл ауданы ПБ арқылы облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Көтермелеу төлемдеріне арналған қаражат Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бюджеттік бағдарламасы арқылы облыстық бюджеттен қарастырылады.
8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Есіл ауданы әкімінің құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, бағалы сыйлықты табыстау СҚО ПД Есіл ауданы ПБ тарапынан салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Есіл ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "05" маусымдағы | |
| № 140 қаулысына | |
| қосымша |
Есіл ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері
1. Есіл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
2. Есіл ауданы әкімінің Алғыс хаты.
3. Айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
4. Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу.
5. Ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу.
6. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.