"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 46/4 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/14 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жоғарыда аталған Ережені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Л. Топорова

  Солтүстік Қазақстан облысы 
  Жамбыл ауданы мәслихатының
  2026 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 46/4 шешімін бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының (бұдан әрі – аудан мәслихаты), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес аудан мәслихаты сессиясының шешімімен бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150600, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 19.

      10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Мәслихат аппараты орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынады.

2-тарау. Мәслихат аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан мәслихатының қызметін сессияларда, тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

      2) өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда депутаттарға көмек көрсету;

      3) аудан мәслихаты сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудан мәслихаты қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу;

      5) "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      6) халықты аудан мәслихатының қызметі туралы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

      7) аудан мәслихаты депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      8) Қоғамдық кеңестің қызметін "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      9) депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудан мәслихаты депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудан мәслихаты депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жоспарлау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары: белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудан мәслихаты шешімдерінің жобалары бойынша қажетті келісулерді және сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының сұрақтары бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

      депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақытында қарау және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар, ұсыныстар, шағымдар жолдау;

      аудан мәслихаты және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін сұрақтарды дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      аудан мәслихатына келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде Жамбыл ауданының мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

      ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

      аудан мәслихатының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      аудан мәслихатының құзыреті шегінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      15. Функциялары:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының және оның органдарының қызметiн ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға аудан мәслихатының Регламентіне сәйкес олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      2) аудан мәслихаты бекіткен мәслихаттың Жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудан мәслихаты сессияларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;

      3) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын және жұмыс сапарларын дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын сұрақтардың мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақытында ұсыну;

      4) аудан мәслихаты шешімдерінің, мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының және аудан мәслихаты төрағасының өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      5) аудан мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және заңды сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жіберу;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аудан мәслихаты қабылдаған нормативтік құқықтық актілердегі қайталауларды, олқылықтарды, ескірген және сыбайлас жемқорлық құқық нормаларын талдау, іске асыру тиімділігі және анықтау мақсатында құқықтық мониторингті жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда және тәртіппен аудан мәслихатының шешімдерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;

      8) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау, талдау, аудан мәслихаты депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

      9) аудан мәслихатының сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарында айтылған ескертулер мен ұсыныстардың, сессиялар шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуын талдау және бақылау, олардың іске асырылу барысы туралы аудан мәслихатының сессияларында және тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарау үшін олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындау;

      10) аудан мәслихатының және оның органдарының басқа да отырыстарының хаттамалары мен материалдарын қалыптастыру;

      11) аудан мәслихаты депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында, аудан мәслихатының ресми веб-сайтында аудан мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпарат орналастыру;

      12) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, кеңестік және әдістемелік көмек көрсету, депутат сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақытында қарастыру және іске асыруға бақылауды жүзеге асыру;

      13) аудан мәслихаты аппаратының қызметін қамтамасыз ету шығындарын анықтау, депутаттардың біліктілігін арттырудан өтуі, іссапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      14) кадр жұмыстарын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, оны жүзеге асыруға қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және Үкімет қаулыларына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүргізу;

      15) іс жүргізу, сондай-ақ арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, архивке тапсыру үшін, соның ішінде Мәслихат аппаратының ақпараттық жүйелері арқылы құжаттарды уақытында тіркеу, сақтау және әзірлеу;

      16) Мәслихат аппаратына және аудан мәслихатына келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша, электрондық өтініштерін аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауынан қарау, оларды бақылау және талдау;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мәслихат төрағасы мен Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратын басқаруды мемлекеттік органның басшысы болып табылатын, Мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, аудан мәслихатының төрағасымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады және Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

      17. Мәслихат төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың төрағасы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады. Мәслихат төрағасы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады.

      18. Аудан мәслихаты төрағасының және Мәслихат аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Аудан мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;

      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

      5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      6) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      7) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

      8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      9) осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

      12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      13) аудан мәслихатының шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

      14) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде мәслихат депутаттарының дауысы тең бөлiнген жағдайда, шешушi дауыс құқығын пайдаланады;

      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      20. Аудан мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін аудан мәслихатының шешімі бойынша, мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      21. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:

      1) Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) Мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) Мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) қаржы құжаттарына бірінші қол қоюға құқығы бар, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      13) Мәслихат аппаратының ережесін, құрылымын аудан мәслихатының бекітуіне ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;

      14) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Мәслихат аппаратының алқалы органдары жоқ.

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

      23. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      24. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі қарастырылмаса, өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мәслихат аппаратының қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мәслихат аппаратының, оның қарауындағы ұйымдары, аумақтық органдары, мемлекеттік мекемелері жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады