Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, 2026 жылғы 07 тамыздағы "Қызылжар су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші, "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 06 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген орналастыру жобасына сәйкес Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі, Тепличное ауылы бойынша 1 көтергіштің сорғы станциясынан су тазарту құрылыстарына дейін су тартқышты реконструкциялау үшін (2-ші желі) "Қызылжар су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 1,1174 га, оның ішінде: бекітілген алаңы 0,3365 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгіленсін.
Сонымен қатар жер учаскесінде 0,7809 га бөтен жер пайдаланушылардың алаңы бар: кадастрлық нөмірі 15-220-021-943 – 0,7809 га.
Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар: жер учаскелерін қауымдық сервитут киып өтеді: "Қызылжар су" ЖШС.
2. Жер (лер) учаскесі (лері) бөлінбейтін болып саналсын
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Прибрежный ауылдық округінің әкімі | Д. Рамазанов |