"Қызылжар су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 38 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, 2026 жылғы 07 тамыздағы "Қызылжар су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші, "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 06 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген орналастыру жобасына сәйкес Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі, Тепличное ауылы бойынша 1 көтергіштің сорғы станциясынан су тазарту құрылыстарына дейін су тартқышты реконструкциялау үшін (2-ші желі) "Қызылжар су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 1,1174 га, оның ішінде: бекітілген алаңы 0,3365 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгіленсін.

      Сонымен қатар жер учаскесінде 0,7809 га бөтен жер пайдаланушылардың алаңы бар: кадастрлық нөмірі 15-220-021-943 – 0,7809 га.

      Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар: жер учаскелерін қауымдық сервитут киып өтеді: "Қызылжар су" ЖШС.

      2. Жер (лер) учаскесі (лері) бөлінбейтін болып саналсын

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Прибрежный ауылдық округінің әкімі Д. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады