"Қызылжар су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 39 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, 2026 жылғы 07 тамыздағы "Қызылжар су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші, "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 06 тамыздағы № 321 бұйрығымен бекітілген орналастыру жобасына сәйкес Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі бойынша 1 көтергіштің сорғы станциясынан су тазарту құрылыстарына дейін су тартқышты реконструкциялау үшін (2-ші желі) "Қызылжар су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 1,1436 га, оның ішінде: бекітілген алаңы 0,6563 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгіленсін.

      Сонымен қатар жер учаскесінде 0,4873 га бөтен жер пайдаланушылардың алаңы бар: кадастрлық нөмірі 15-220-024-118 – 0,2609 га, оның ішінде табиғи шабындықтар – 0,2609 га; кадастрлық нөмірі 15-220-024- 169 – 0,0166 га, оның ішінде табиғи жайылымдар – 0,0166 га; кадастрлық нөмірі 15-220-066-017 – 0,0222 га, оның ішінде табиғи жайылымдар – 0,0222 га; кадастрлық нөмірі 15-220-024-055 – 0,1148 га, оның ішінде табиғи жайылымдар – 0,1148 га; кадастрлық нөмірі 15-220-024-079 – 0,0728 га, оның ішінде басқа жерлер – 0,0728 га.

      Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар: жер учаскелерін қауымдық сервитуттар киып өтеді: "Қызылжар су" ЖШС, "СКРЭК" АҚ, "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ.

      2. Жер (лер) учаскесі (лері) бөлінбейтін болып саналсын

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Прибрежный ауылдық округінің әкімі Д. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады