"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 62/2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті атқарушы органымен айқындалған тәртіпте және шарттарда, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Кәрімова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2026 жылғы 10 қыркүйектегі
  № 62/2 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары:

№ р/с

Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)

Лауазымдық жалақыға үстемеақы

1

2

3

1

Директор

15 %

2

Есепші

15 %

3

Барлық атаудағы маман

15 %

4

Барлық атаулардың инспекторы

15 %

5

Жүргізуші

15 %


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады