Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 307 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, 35-1-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 937 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда № 2099 болып тіркелді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 329 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 937 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қыркүйекте № 5567 болып тіркелді.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Әлжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады