Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы мәслихататайың ауданының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 245/20 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшасымен толықтырылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес 6-қосымшасымен толықтырылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2026 жылғы 13 тамыздағы № 549/34 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 245/20 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы | А. Әбдірахманова |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ р/р | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Директор | 50 % |
2. | Бас маман-бас бухгалтер | 50 % |
3. | Жастармен жұмыс жөніндегі маман | 50 % |
4. | Жүргізуші | 50% |
5. | Қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 25% |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ р/р | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Директор | 50 % |
2. | Құрылымдық бөлімшенің басшысы | 50 % |
3. | Бас бухгалтер | 50 % |
4. | Заңгер | 50 % |
5. | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер | 50% |
6. | Психолог | 50 % |
7. | Әлеуметтік қызметкер | 50 % |
8. | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 50% |
9. | Бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен жұмыс жөніндегі маман | 50 % |
10. | Кадрлар жөніндегі инспектор | 50 % |
11. | Жүргізуші | 50 % |
12. | Күзетші | 25 % |
13. | Қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 25% |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ р/р | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Жүргізуші | 50 % |
2. | Қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 25% |