"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Исатай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік мекемелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 225 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе қаласындағы аймақтық филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Исатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Исатай ауданының әкімі | Н. Мусин |