"Қызылқоға ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 179 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 140 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылқоға ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 179 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе қаласындағы аймақтық филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Әзмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады