Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 5-1 тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерге орналастыру жобасы және 2026 жылғы 1 маусымдағы № 09-05/710 өтініші негізінде Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мақат ауданының аумағында магистральдық құбырларды (этан,пропан) бірыңғай дәлізде жобалау, салу және пайдалану үшін жалпы ауданы 769,8175 гектар жер учаскесіне, жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алып қоймай, 2048 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 158 "KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әбуовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Мамбетов |