ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың қабылданғаны туралы хабарлама жіберуді;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 272-НҚ бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі
№ | Объектісі мен қолданылу саласы көрсетілген өлшемдер атауы | Метрологиялық талаптар | Ескертпе | |
Өлшеу диапазоны | Шекті жол берілетін қателік немесе дәлдік сыныбы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында | ||||
1 | Мемлекеттік Тудың геометриялық өлшемдерін өлшеу | ГОСТ 7502 "Металл өлшеуіш рулетка. Техникалық шарттар" бойынша 2 дәлдік сыныбы | ||
2 | Мемлекеттік Елтаңбаның геометриялық өлшемдерін өлшеу |
0-ден 1000 мм дейін | ГОСТ 7502 "Металл өлшеуіш рулетка. Техникалық шарттар" бойынша 2 дәлдік сыныбы | |
3 | Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту үлгілерінің және Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту бейнеленген материалдық объектілердің немесе оның рәміздері элементтерінің түстілігін өлшеу | Шектеусіз |
Түс координаттарын өлшеудің абсолютті қателігі ± 2; | |
4 | Өлшеп буып-түю, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшеп буып-түйілген тауарлардың массасын өлшеу | Шектеусіз | Өлшеу құралдарының дәлдік сыныбы мен түріне байланысты | |
5 | Өлшеп буып-түю, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшеп буып-түйілген тауарлардың температурасын өлшеу | Минус 50 °С-ден 50 °С дейін | ∆ = ± 0,2 °С | |
6 | Өлшеп буып-түю, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшеп буып-түйілген тауарлардың көлемін өлшеу | Шектеусіз | d = ± 0,1 % | |
7 | Өлшеп буып-түю, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшеп буып-түйілген тауарлардың ылғалдылығын өлшеу | 20-дан 90 % дейін | d = ± 0,5 % | |
8 | Масса немесе көлем бірліктерімен көрсетілген кез келген түрдегі қаптамада өлшеп буып-түйілген өнімдердің мөлшерін өлшеу | 0-ден 15000 г (мл) дейін | Массаны немесе көлемді өлшеуге арналған құралдардың метрологиялық талаптарына сәйкес | |
Сауда саласында | ||||
9 | Нәтижелері сатып алушы мен сатушы арасындағы сауда-коммерциялық операцияларда қолданылатын, өндірілген және өткізілетін өнімнің геометриялық параметрлерін өлшеу | 0-ден 50000 мм дейін | ||
10 | Сауда-коммерциялық операциялар кезінде қолданылатын тауарлардың/өнімнің салмағын өлшеу | Шектеусіз | ГОСТ OIML R 76-1 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Автоматты емес әрекет таразы. 1 бөлім" | |
Электромобиль инфрақұрылымы саласында | ||||
11 | Электр зарядтау станциясы арқылы берілетін электр энергиясын өлшеу |
Шектеусіз, |
1,0% | |
12 | Электромобильді зарядтау кезінде электр кернеуі мен ток күшін өлшеу |
Шектеусіз, |
1,0% | |
13 | Электромобильді зарядтау процесінің уақытын өлшеу | 1 мин 24 сағ дейін | ± 1 с | |
Ескертпе.
Негізгі қолданылатын қысқартулар:
мм – миллиметр;
г – грамм;
мл – миллилитр;
°С – Цельсий градусы;
∆ – абсолютті қателік;
d – салыстырмалы қателік;
кВтсағ – киловатт-сағат;
% – пайыз;
В – вольт;
А – ампер;
с – секунд;
мин – минут;
сағ – сағат