БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 169-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықтың қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарлама жіберуді;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 273-НҚ бұйрығына қосымша |
Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
1-бөлім. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
Ескертпе:
* әкету кедендік бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшін келтірілген. <3> және <4> сілтемелерде көзделген жағдайлар ерекшелік болып табылады;
** Қазақстан Республикасы кедендік әкету баждарын төлеуден босатуды көздейтін екіжақты және көпжақты келісімдер жасасқан елдерді қоспағанда;
*** кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда;
****кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын, сонымен қатар алюминий-скандий лигатурасын қоспағанда.
2-бөлім. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі
Р/с № | Еуразиялық экономикал ық одақтың сыртқы экономикал ық қызметі тауар номенклату расының коды | Тауардың атауы* | Әкетуге қатысты кедендік баж мөлшерлемесі | Кедендік бажын қолдану мерзімі | |
Қазақстан Республикасының аумағынан** | Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдерге*** | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | 2709 00 900 9 | Шикі мұнай | Осы бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) | тұрақты | |
2. | 2710 12 110 1, 2710 12 150 1, 2710 12 900 2 қоспағанда 2710 12 | Жеңіл дистилляттар мен өнімдер | |||
3. | 2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар | |||
4. | 2710 19 42, 2710 19 460 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар | |||
5. | 2707 | Көмір шайырын жоғары температурада айдаудың майлары және басқа да өнімдері; хош иісті құрамдас бөліктердің массасы хош иісті емес бөліктердің массасынан асатын ұқсас өнімдер | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
6. | 2710 20 110 0, 2710 20 150 0, 2710 20 900 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшін | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | жыл сайын 16 қазаннан 14 ақпанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 еуро | 1 тоннасына 200 еуро | жыл сайын 15 ақпаннан 15 қазанды қоса алғанға дейін | |||
7. | 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 480 0, 2710 20 190 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар | Қағидаларға сәйкес | тұрақты | |
8. | 2710 19 510 1, 2710 19 510 9-2710 19 550 9 | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар | |||
9. | 2710 19 620 1, 2710 19 640 1, 2710 19 660 1, 2710 19 680 1, 2710 20 310 1, 2710 20 350 1, 2710 20 370 1, 2710 20 390 1 | Мазуттар | 1 тоннасына 30 доллар | тұрақты | |
10. | 2710 19 620 9, 2710 19 640 9, 2710 19 660 9, 2710 19 680 9, 2710 20 310 9, 2710 20 350 9, 2710 20 370 9, 2710 20 390 9 | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшiн | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты | |
11. | 2710 19 710 0, 2710 19 750 0, 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0 | Жағар майлар: өзгелері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
12. | 2710 91 000 0, 2710 99 000 0 | Өңделген мұнай өнімдері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
13. | 2712 | Мұнай вазелині; парафин, микро кристалды мұнай балауызы, парафинді гач, озокерит, қоңыр бұрышты балауыз, шымтезек балауызы, басқа минералды балауыздар және синтез немесе басқа процестер нәтижесінде алынған, боялған немесе боялмаған ұқсас өнімдер | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
14. | 2713 20 000 0 | Мұнай битумы | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | жыл сайын 1 маусымнан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 15 еуро | 1 тоннасына 15 еуро | жыл сайын 1 қазаннан бастап 31 мамырды қоса алғанға дейін | |||
15. | 2713 90 100 0, 2713 90 900 0 | Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | жыл сайын 16 сәуірден 14 қазанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 15 еуро | 1 тоннасына 15 еуро | жыл сайын 15 қазаннан 15 сәуірді қоса алғанда дейін | |||
16. | 2714 | Табиғи, битум және асфальт; битуминозды немесе мұнай тақтатастары және битуминозды құмтастар; асфальтиттер және асфальт жыныстары | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
17. | 2715 00 000 0 | Битум қоспалары | 15 % | 0 | тұрақты |
18. | 2901 | Ациклді көмірсутектер | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
19. | 2902 | Циклдік көмірсутектер | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
20. | 3403 | Майлау материалдары (кесу құралдарына арналған майлау-салқындату эмульсияларын, болттарды немесе гайкаларды бұрап алуды жеңілдетуге арналған құралдарды, тотты кетіруге арналған құралдарды немесе майлау негізінде жасалған бұйымдарды қалыптардан алуды жеңілдетуге арналған коррозияға қарсы құралдар мен препараттарды қоса алғанда) және тоқыма материалдарын, былғарыны, жүнді немесе өзге де материалдарды май немесе маймен өңдеуге пайдаланылатын құралдар, битуминозды жыныстардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерінің немесе одан көп негізгі компоненттер ретінде 70% мас бар құралдардан басқа | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
21. | 3811 | Антидетонаторлар, антиоксиданттар, шайыр түзетін ингибиторлар, тұтқырлықты реттегіштер, коррозияға қарсы заттар пайдаланылатын басқа мұнай өнімдеріне (бензинді қоса алғанда) немесе сұйықтықтарға өзге де дайын қоспалар мұнай өнімдері сияқты мақсаттарда | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
22. | 3814 00 | Күрделі органикалық, еріткіштер мен еріткіштер, басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған; бояуларды немесе лактарды кетіруге арналған дайын композициялар | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
23. | 3826 00 | Биодизель және оның құрамында битуминозды жыныстардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерінің 70 % - дан кем мас. жоқ немесе бар қоспалары | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
Ескертпе:
* әкету кедендік бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшін келтірілген;
** Қазақстан Республикасы шикі мұнайға және мұнайдан өндірілген тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеуден босатуды көздейтін екіжақты және көпжақты келісімдер жасасқан елдерді қоспағанда;
*** 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт және 2013 жылғы 31 мамырда Минскіде жасалған 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттама күшіне енген елдер.
Осы тізбенің күші Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодексінің 45-1-тарауына сәйкес әкетілетін тауарларға да қолданылады.