"Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 174 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруге арналған нормалар мен талаптарда:

      Спорттық атақтар, спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына 133-қосымшаның:

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағын беруге қойылатын талаптар 16 жастан бастап орындалады.

Спорт жарысы

Орын

Спорт салалары: өзін-өзі қорғау, жекпе-жек, толық жанаспалы қоян-қолтық ұрыс

Кемінде 15 елдің/ облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қатысуымен (спортшы қатысатын әрбір спорт саласында) (кемінде 3 жекпе-жек өткізу)

1

Ересектер арасындағы Азия чемпионаты

1-2

2

Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

1-2

3

Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

1

4

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

1

5

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кубогына арналған арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының республикалық турнирі

1

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Мырзабосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады