БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11437 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесінде және олардың сыныптамасы:
"Спорттық жарыстар" деген 1-бөлім:
"Республикалық жарыстар" деген 2-кіші бөлім;
"Республикалық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар" деген 2.1- жол:
мынадай мазмұндағы 2.1.25., 2.1.26., 2.1.27., 2.1.28., 2.1.29., 2.1.30., 2.1.31., 2.1.32., 2.1.33., 2.1.34., 2.1.35. және 2.1.36-тармақтармен толықтырылсын:
"
2.1.25. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған "Жұлдызай" спартакиадасы |
Ереже (регламент) негізінде жыл сайын өткізіледі. |
2.1.26. Кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық "CHEMPIONDAR LIGALARY" жарысы |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.27. Туризм және спорт министрлігінің кубогы |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.28. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына Президенттік тестілері |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.29. "QAZAQSTAN JUDO LEAGUE" дзюдо жарысы |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.30. "Бурабай" республикалық жартас фестивалі |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.31. Спорт күніне арналған спорт іс-шарасы |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.32. "Bygyly trail Karkaraly" трейлранинг ультрамарафоны |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.33. Республикалық "Abai Joly 100 miles" трейлраннинг ультрамарафоны |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.34. "Мерке" тау фестивалі |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.35. "WRESTLING STAR" турнирі |
Жыл сайын өткізіледі. |
2.1.36. "TOP WRESTLING LEAGUE" турнирі |
Жыл сайын өткізіледі. |
".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы |
С. Жарасбаев |