"Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 179 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 189 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11437 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесінде және олардың сыныптамасы:

      "Спорттық жарыстар" деген 1-бөлім:

      "Республикалық жарыстар" деген 2-кіші бөлім;

      "Республикалық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар" деген 2.1- жол:

      мынадай мазмұндағы 2.1.25., 2.1.26., 2.1.27., 2.1.28., 2.1.29., 2.1.30., 2.1.31., 2.1.32., 2.1.33., 2.1.34., 2.1.35. және 2.1.36-тармақтармен толықтырылсын:

      "

2.1.25. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған "Жұлдызай" спартакиадасы

Ереже (регламент) негізінде жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.26. Кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық "CHEMPIONDAR LIGALARY" жарысы

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.27. Туризм және спорт министрлігінің кубогы

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.28. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына Президенттік тестілері

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.29. "QAZAQSTAN JUDO LEAGUE" дзюдо жарысы

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.30. "Бурабай" республикалық жартас фестивалі

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.31. Спорт күніне арналған спорт іс-шарасы

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.32. "Bygyly trail Karkaraly" трейлранинг ультрамарафоны

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.33. Республикалық "Abai Joly 100 miles" трейлраннинг ультрамарафоны

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.34. "Мерке" тау фестивалі

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.35. "WRESTLING STAR" турнирі

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.36. "TOP WRESTLING LEAGUE" турнирі

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады