"Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 163 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 17/238-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Түркістан облысының әкімдігінің 2026 жылғы 01 қыркүйектегі № 160 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 163 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 17/238-VII шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Қызылжар ауылдық округінің шекарасына Қабланбек ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 37,79 гектар жерлерін қосу арқылы және Қабланбек ауылдық округіне Қызылжар ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 65,8 гектар жерлерін беру арқылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 26514,79 гектар шекарасында белгіленсін.".

      2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Көшеров
      Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов

      З.С. Жолдасов
      Ф.М. Байдуллаев
      Е.Ә. Дауылбаев
      Е.К. Алтаев
      Қ.Ә. Қайыпбек
      Н.Ә. Тұрашбеков
      К.Е. Жаппар
      Г.Н. Ажиметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады