Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2027 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |
"2027 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тарифтерін бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің "16" қазан 2026 жылғы №189 қаулысына
| Түркістан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "16" қазандағы № 189 қаулысына қосымша |
2027 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тарифтері
№ | Атауы | Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) |
1. | Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (экология) | 221 849 |
2. | Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл) | 299 533 |
3. | Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл, экология) | 266 185 |
4. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету (қала) | 222 321 |
5. | Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 647 297 |
6. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде мүгедек балалар үшін оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл, экология) | 347 069 |
7. | Мүгедектігі бар балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл) | 496 466 |
8. | Мүгедектігі бар балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (экология) | 361 606 |
9. | Ментальдық бұзылыстары бар мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (экология) | 226 624 |
10. | Адам саудасының құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 176 753 |
11. | Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 176 753 |