Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 26/3355-VIIІ шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов

  Түркістан облыстық мәслихатының
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 26/355-VIII шешіміне қосымша

Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері

№
р/н

Қалалар және елді мекендердің санаты

Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)

 
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері

Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер

Монументтік өнер құрылыстары

1.

облыстық маңызы бар қалалар*

0,8

0,6

1,0

2.

аудандық маңызы бар қалалар**

0,6

0,4

0,8

3.

кенттер***

0,4

0,4

0,6

4.

ауылдар****

0,2

0,2

0,4

      Ескерту:

      Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі жалдау ақысының мөлшерлемесін жалдауға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.

      Жалдау ақысының мөлшерлемесі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады:

      облыстық маңызы бар қалалар* - халқының саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар iрi экономикалық және мәдени орталық саналатын елдi мекен;

      аудандық маңызы бар қалалар** - халқының саны кемінде 10 мың адам болатын, аумағында кәсіпорындар, тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының дамыған желісі,мәдени-ағарту және сауда объектілері бар елді мекен;

      кенттер*** - халқының саны кемiнде 500 адам болатын, өнеркәсіптік, көліктік, энергетикалық, рекреациялық не өзге де шаруашылық қызмет негізінде құрылған, кент пен оған іргелес аумақтардың тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған базалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген елді мекен;

      ауылдар**** – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады