Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 298 "Облыстық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 104 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 маусымда № 38873 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3401 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Н. Кушеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады