Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 43, 67, 69 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Арыс қаласының жер комиссиясының 2025 жылғы 11 қарашадағы № 27 қорытындысына, Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 60, 61 "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы" бұйрықтарына және "Оңтүстіксушаржоба" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішіне сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оңтүстіксушаржоба" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне БСН 091040020022 Арыс қаласы, Байырқұм, Жиделі ауылдық округі аумағынан канал құрылысын салу үшін /ықшам сызбаға сәйкес/ аумағы – 114,5 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай, қысқа мерзімге – 4 жыл 11 ай жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін.
2. Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
| Арыс қаласының әкімі | Қ.Маңқараев |