Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 43, 67, 69 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Арыс қаласының жер комиссиясының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 6 қорытындысына, Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы" бұйрықтарына және Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің БСН 050140008413 Арыс қаласы, Шардара-Арыс тас жолы бойынан инфрақұрылым жүргізу үшін /ықшам сызбаға сәйкес/ аумағы – 1,8158 шаршы метр (ұзындығы – 500,0 метр, диаметрі – 200,0 мм) жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай, қысқа мерзімге – 4 жыл 11 ай жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін деп есептейді.
Оның ішінде:
-Ауыз су құбырларын жүргізу үшін аумағы – 0,0601 гектар;
-Электр желілерін жүргізу үшін аумағы – 1,0856 гектар;
-Кәріз жүйелерін жүргізу үшін аумағы – 0,16 гектар;
-Газ құбырлары үшін аумағы – 0,425 гектар;
-Газды басқару шкафын (ГРПШ) орнату үшін – 0,0015 гектар;
-Байланыс (оптика-волоконный кабель) желілерін жүргізу үшін аумағы – 0,0836 гектар:
2. Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
| Арыс қаласының әкімі | Қ.Маңқараев |