Қауымдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 661 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 67, 69, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына, "Сәулет құрылыс-2022" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 27.07.2026 жылғы өтінішін, жерге орналастыру жобасын негізге ала отырып, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сәулет құрылыс-2022" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Кентау қаласы, Ащысай ауылы аумағынан жалпы алаңы 31,0 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге уақытша пайдалануға сервитут белгіленсін;

      2. Сервитуттың мақсаты: "Сәулет құрылыс-2022" ЖШС-на тиесілі, заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алынған шахта жынысын көлік құралдарымен тасымалдап әкету, сондай-ақ осы мақсатқа байланысты көлік құралдарының өтуін қамтамасыз ету.

      3. Сервитут жер учаскесін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай, жерге орналастыру жобасына сәйкес белгіленген маршрут бойынша жүзеге асырылады.

      4. Сервитутты пайдаланушы:

      - белгіленген маршруттан тыс жерлерді пайдаланбауға;

      - жер учаскесіне келтірілген залалды өтеуге;

      - тасымалдау кезінде жердің нысаналы мақсатын бұзбауға;

      - қоршаған ортаға, жолдарға және инженерлік коммуникацияларға зиян келтірмеуге;

      - сервитут мерзімі аяқталғаннан кейін жер учаскесін тиісті жағдайға келтіруге міндетті.

      5. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений города Кентау" акимата города Кентау принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Шәріпбековке жүктелсін.

      Қала әкімі Ж.Тасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады