Көшеге қайта атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкiмiнiң 2026 жылғы 26 тамыздағы № 69 шешiмi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 07 тамыздағы қорытындысы негізінде Атакент кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атакент кентіндегі Чапаев көшесіне Ахат Сейдалиев көшесі деп кайта атау берілсін.

      2. Мақтаарал ауданының "Атакент кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық акпарат институты" ШЖҚ РМК Жамбыл облысы филиалының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауын және тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін "Мақтаарал ауданы Атакент кенті әкімі аппараты" ММ-нің интернет-ресурсында әкімдігінің орналастырылуын камтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап колданыска енгізіледі.

      Атакент кентінің әкімі С.Азимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады