2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 24 ақпандағы № 86 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Ордабасы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Оралбаев

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "24 " ақпандағы
№ 86 қаулысына қосымша

2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Атауы

Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)

1

"Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету" (бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жасы ұлғайғандықтан өзін-өзі күтуге қабілетсіз адамдар)

72900

2

"Балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету" (1.5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек және психоневрологиялық патологиясы бар балалар,1.5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер)

72900


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады