2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 122 қаулысы

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Жолдыбай

  2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 122 қаулыға қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге)

Айына 1 қызмет алушының тарифі (теңге)

Кіші түрі

Қызмет алушының жағдайы



1

2

3

4

5

6

1.

Үйде қызмет көрсету

Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және қарт адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру

Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар).

4584,3

96270,98


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады